English version Russian version Armenian version Azerbaijan version Georgian version Kazakh version Turkish version Turkmenian version Ukrainian version
Инспекция

Етті міндетті қадағалау – ауыл шаруашылық Министрлігінің бөлімшесі болып табылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және инспекциялық бақылау Қызметінің (FSIS) жұмысы болып табылады. Барлық ет өнімдері сапалылыққа тексеруден өткізілуі тиіс. Оны федеральдық инспекция немесе жеке штаттар инспекторлары өткізеді. Инспекторлар кадрлары Құрама Штаттар Үкіметінің бақылауындағы мемлекеттік оқу орындарында оқудан өтеді. Мемлекеттік жалақыны алған инспекторлар адамдардың тұтынуына арналған бақылаудан өткен өнімдердің жарамдылығына және таңбаланған дәлдігіне, бұрмаланбағандығына, сапалылығына, тазалығына жауап береді. FSIS инспекторлары соярдан бұрын әрбір малды қарап шығады, сосын сою, ұшаны өңдеу, орау, таңбалау және текшелеп жинау процесін бақылайды. Олардың мақсаты – штаттың барлық федеральдық жарғылары мен заңдарының сақталғанына көз жеткізу. Егер сертификаттау өнімнің сапалылығын және оның тұтынуға жарамдылығын растаса, онда инспектор ұшаға, оның негізгі бөліктеріне және өнім салынған қорапшаға сия мөрін қояды.

Ет өнімдерін тексерумен қатар, FSIS инспекторлары әрбір өңдеу кәсіпорындарының санитарлық жағдайына да жауапты. Жұмыс бастауға рұқсаттама беруден бұрын, инспекторлар құрал-жабдықтарға, қоймалық жайларға, құрал-саймандарға тексеру жүргізеді, сондай-ақ қызметкерлердің жеке гигиеналарын да қадағалайды. Олар сапалы өнім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғандығына көз жеткізулері керек. Қызметтері федералдық немесе штаттық инспекторлармен мақұлданған, етті өңдеумен айналысатын барлық кәсіпорындар USDA иснпекциясынан өтулері керек. Ол АҚШ Үкіметімен қамтамасыз етіліп, американдық салық төлеушілердің қаржылары есебінен жүргізіледі.

Кесінділер спецификациясы және көтерме сауда

Ұшаларға сапа және пайдалы өнім санатын берумен қатар, Құрама Штаттардың үкіметтік мекемелері ұшаны және ет кесінділерін шабу әдістерін дәл анықтауға және стандарттауға жауапты. Осы әдістердің сипаттамасын және стандарттын дайындауға байланысты еттің шабу және оны одан әрі көтерме сату процесі біршама жеңілдеді, себебі енді процеске қатысушылардың барлығы бір тілде түсінісе алатын және бірыңғай бастапқы нұсқаманы пайдалана алатын болды. Үкіметтік органдармен ресми дайындалған құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Сиыр, шошқа және қой еттерінің әрбір кесіндісіне, консерванттармен өңделген және толық дайындалған еттер мен сорпа өнімдері сияқты тиісті сипаттамасымен бірге нөмірлер берілген. Бұл мәліметтер ресми құжатқа - «Ет саудасының белгіленген спецификациясына» (IMPS) енгізілген. Американдық жабдықтаушылардан ет сатып алу процесін жеңілдету үшін, әрдайым «Спецификацияларды» қарау керек.

Supplemental information

Certificate of Quality and Condition
Source: USDA Agricultural Marketing Service

Meat and Poultry Export Certificate of Wholesomeness
Source: USDA Food Safety and Inspection Service

Veterinary Health Certificate
Source: USDA Animal and Plant Health Inspection Service

Certificate of Origin
Source: J.E. Lowden & Company

Global Business Center, 468 North Camden Drive
Beverly Hills, California 90210
office: +1.310.860.7666
e-fax line: +1.323.395.0707
BIRD FLU INFO
From W.H.O. report
is no pandemic
of bird flu