English version Russian version Armenian version Azerbaijan version Georgian version Kazakh version Turkish version Turkmenian version Ukrainian version
Сапа санаттары мен өнімдерді бағалау

Инспекциялық бақылаудан ерекшелігі, етті сапалы (сортты) бағалау - өз еркімен істелетін іс. Бұл қызмет ауыл шаруашылығы Министрлігімен көрсетіледі және оны сатып алғысы келетін кәсіпорындар оған төлем жүргізеді. Сапалы бағалау мақсаты – сиыр етін, шошқа етін және қой ұшасын ет сапасы мен әрбір аталмыш ұшадан жасық еттің шығуы көзделген стандартты санаттарға жатқызу. Мұндай бағалау едәуір дәрежеде барлық салалар шегінде сату-сатып алу процесін бір ізге салуға мүмкіндік береді. Ол екі негізгі санатқа бөлінеді: сапалы бағалау және өнімнің пайдалы шығымын бағалау. Мұндай бағалауды жүргізуге кәсіпорын өзі төлем жүргізеді, бірақ ол барлық ұшаларға тиісті емес. Әдетте кәсіпорын сапасы, сондай-ақ өнімнің шығымы бойынша жоғары баға алуға әлуетті қабілетті жас өгізшелер мен таналардың ғана ұшаларын инспекторларға көрсетеді. Сиыр және қой ұшалары қолайлы критериялар бойынша бағаланады, сол сияқты шошқа ұшаларының бағасы бір мезеттік сапалық әрі сандық талаптары бар өзге критерияларға сәйкес жүргізіледі.

Сапа санаттары

Сиыр және қой ұшалары сапалық бағалауға жатқызылады. Олар келесі санаттарға жатуы мүмкін: "Прима " - "Prime", "Іріктелген" -"Choice", "Жақсартылған" - "Select" (тек қана ІММ) немесе "Сапалы" -"Good" (тек қой ұшалары). Ұшаларды санаттарға бөлу еттің күтілген тұтыну сапасын бағалау мақсатында іс жүзіне енгізілген болатын. Санаттар ұшалардың толығып жетілуі (сою кезіндегі малдардың жасына), бұлшық еттерінің «мәрмәрлық» дәрежесі, сондай-ақ жасық еттің түсі, тығыздығы және құрылым сипаты негізінде беріледі.

«Мәрмәрлығы» бұлшық ет ұлпаларында майдың кішігірім бөлшектерінің болуымен анықталады. Бұлшық етті қоршаған немесе қатпарлардағы беттік майдың оған ешқандай қатысы жоқ. «Мәрмәрлығы» етке әрі нәр әрі дәм бере отырып, еттің жұмсақтығын жоғарылатады. USDA бірнеше «мәрмәрлық» санатына бөлінеді, олардың ішінде мыналар кеңінен таралған: "Slightly Abundant" - "Біркелкі қанық", "Moderate" -"Біркелкі", "Modest" - "Қалыпты", "Small" - "Кіші". Аталған санаттардың алғашқысы ең жоғарғысы болып табылады.

«Прима» санатына жататын ұшалар сапалы етке жатады. Сосын «Іріктелген», «Жақсартылған» және «Сапалы». Сапа санаты орындайтын негізгі қызмет – ұшаларды бірыңғай топтарға бөлу, бұл сапалы таратуды кемітеді және көтере сатып алушылар мен тұтынушыларға қажетті ет түрін ұқсатуға көмектеседі.

Сиыр еті мен қой етінен ерекшелігі, шошқа етіне бір ғана санат түрі беріледі. Бастапқыда, жасық еттің сапасы қаншалықты жарамды екені бағаланады, сосын бұлшық ет сипаты мен май мөлшері қаралады. Егер ұшаның түсі жарамды әрі тығыз етті болса, оған біріншіден төртіншіге дейінгі 4 сапа санатының бірі беріледі. Бірінші санаты ең жоғарғысы болып саналады. Санатты соңғы рет анықтау барысында аяқтарының бұлшық еттері мен арқа жоны бойындағы май мөлшері ескеріледі.

Жоғарыда көрсетілген суреттер АҚШ ауыл шаруашылық Министрлігіне мал өсіру және ет жөніндегі Палатамен (NLSMB) дайындалған АҚШ МСХ «еттің мәрмәрлығының» арнайы суреттерінің кішірейтілген көшірмелерін білдіреді. Бұл суреттер мал өсіру және ет жөніндегі Палатамен ұсыныла алады.

Пайдалы өнімнің шығу санаттары

Бұл санаттар осы ұшаның әрбірінен алуды көздеген кесілген және толық өңделген бөлшек кесінділерді бағалауға мүмкіндік береді. Ұшаның майы мен сүйегі көп болған сайын, соған сәйкес бөлшек кесінділері де аз шығады, яғни санаты да. Әрбір санатқа 1-ден 5-ке дейін нөмір беріледі, бірінші санат ең жоғары болып табылады. Пайдалы өнімді алу санатында ұшаның сыртқы майының, жүрек бұлшық еттерінің, бүйректің айналасындағы және жамбастағы іш майларының мөлшері, ұшаның салмағы және шаршы дюйммен сүбе бөлігінің бұлшық еттері есепке алынады. Барлық уақытта бұлшық еттері жақсы жетілген майы аз ұша 1-ші санатқа жатады. Қой ұшалары басқаша бағаланады: майынан басқа, аяқ бұлшық еттерінің пішіні мен сапасы да ескеріледі.

«Мәрмәрлығы»
Біркелкі қанық санаты Біркелкі санат

Қалыпты санат Кіші санат

Global Business Center, 468 North Camden Drive
Beverly Hills, California 90210
office: +1.310.860.7666
e-fax line: +1.323.395.0707
BIRD FLU INFO
From W.H.O. report
is no pandemic
of bird flu