САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ПОРТЫ, РЕСЕЙ
Порттың сипаттамасы

Орналасуы: Санкт-Петербургтегі, бұрынғы Ленинград,Балтық теңізі порты Нева өзенінің атырауындағы аралдарда орналасқан. Негізгі мәліметтер: Порт жыл бойы ашық, мұзжарғыштар үшін қарашадан наурызға дейін. Жағалаудағы желдердің басымдылығына байланысты су деңгейін өзгерту мүмкіндігі бар. Санкт-Петербургтің Теңіз Каналы шамамен ұзындығы 15 теңіз милясы және портқа кірер ауызға апарады. Ең тар жерінің ені 80 м. құрайды.
Тасымалдау бойынша мәліметтер: жыл сайын шамамен 11,817, 700 тонна жүк, 190,107 teu қоса есептегенде тасымалданады.
Тиеу аймағы: ұзындығы 100 метрден асатын кемелер үшін Жазғы аймақ, ұзындығы 100 немесе одан кем кемелер үшін Қысқы аймақ. Қыс – 1 қарашадан 31 наурызға дейін, жаз – 1 сәуірден 31 қазанға дейін.
Ең үлкен өлшем: кеменің ең үлкен өлшемі – ұзындығы 260 метр, ені 40 метр, кеменің түбінен табанына дейінгі тереңдік – 11 м. дейін.

Нева Қақпасының өлшемін есепке алғандағы кеменің ең үлкен ұзындығы:
- Ұзындығы 200 метр,
Түбі мен табанына дейінгі биіктігі 9 метрге дейін
- 190 метрге дейін
Түбі мен табанына дейінгі биіктігі 9,5 метрге дейін
- 180 метрге дейін
Түбі мен табанына дейінгі биіктігі 9,8 метрге дейін

Келуі туралы ақпарат

Келудің есептік уақыты: КЕУ агент немесе кеме капитаны арқылы «Кіру» қалқыма белгісіне жеткенге дейін 48, 24 және 2 сағат бұрын Санкт-Петербург Портының Теңіз Әкімшілігімен, порт басшысымен келісілуі тиіс. Егер Санкт-Петербургте келу уақыты 48 сағаттан кем болса, хабарламаны жөнелту портынан шыққан соң 2 сағаттан кейін жіберуі тиіс.

Келудің есептік уақытына келесі ақпараттар кіруі тиіс:

  1. Кеменің атауы, ұлттық тиістілігі және тұрпаты.
  2. Кеменің шақыру белгісі.
  3. Кеменің иесі ретінде айқындалған Санкт-Петербургтегі өкілдің аты-жөні.
  4. Келу күні мен уақыты.
  5. Кеменің ең үлкен ұзындығы, ені және салмағы.
  6. Тұмсық бөлігінен кормасына дейінгі дәл өлшемі.
  7. Nt.
  8. Жүктің тұрпаты мен көлемі.
  9. Мұзжарғыштарға қатысты: мұзжарғыштың тұрпаты, қозғалтқыштың мүмкіндігі және ескіш винт материалы.
Кеме капитаны ақпараттың дәлдігіне жауап береді.

Талап етілетін құжаттар:

  1. Негізгі Мағлұмдамалар немесе Капитан Мағлұмдамасы.
  2. Кеме экипажының тізімі..
  3. Кеме құжаты..
  4. Сақтандыру туралы сертификатынемесе мұнаймен ластанған жағдайда шығынның орнын толтыру жөніндегі азаматтық жауапкершілігі бойынша басқалай қаржылық кепілдеме.
  5. Кеме иесінің немесе басқарушының лицензиясының көшірмелері.
Байланыс:

Санкт-Петербург радиосы (2,182 килогерц)
Жоғары жиіліктер: Порт Бақылауы, 16 және 26 арна. Қозғалыс бақылауы, 09 арна

Денсаулық туралы ереже:

кеме капитаны «Келу» қалқыма белгісіне жеткенге дейін 48 сағаттан кешіктірмей кемедегі қалыптасқан іс-жүзіндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар туралы Санитарлық-карантиндік Қызметті және Компания Агенттігіне хабар береді. Капитан атжалмандар туралы Сертификатты ұсынуы тиіс.

Кедендік тексеру және иммиграция:

Кедендік тексеру санитарлық тексеруден кейін жүргізіледі. Кеме капитаны келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

Құжаттар немесе олардың Көшірмелері:

  1. Кемеде қару-жарақтың, амуницияның, зиянды заттар мен есірткінің бар екендігі туралы Халықаралық Теңіз ұйымының бланкіндегі негізгі маұлұмдама.
  2. Жүктің атауын, оның санын, және транзит жүгі немесе құжатсыз жүктің болуын білдіретін Жүк Мағлұмдамасы.
  3. Кеме экипажы командасының тізімі.
  4. Төлем құралдарының тізімі.
  5. Экипаж мүшелерінің мүлігі туралы мағлұмдама.
  6. Медициналық мақсатқа арналған есірткілік заттардың болуы.
  7. Кеме қорлары туралы Мағлұмдама.
Жүк құжаттары:
  1. Жүктердің тізімі.
  2. Кеме жүгінің мағлұмдамасы.
  3. Кедендік рұқсаттамаға талап етілетін басқалай құжаттар

Тулар: ресей туы, лоцман туы және ұлттық ту да көрсетілуі тиіс.
Дайындығы туралы хабарлама: Жеткеннен кейін Капитан (агент) порттың уәкілетті өкілімен кемені қабылдауды бақылауға алу үшін радио-хабарлама жіберуі тиіс.

НАВИГАЦИЯ

Порт шектері: Санкт-Петербург порты теңіз жағынан төмендегідей шектелген: параллель бойы сызығымен және Оңтүстік батысқа, Угольный Молға (59°52'Солтүстік 030°12'шығыс) және Оңтүстік Дамбаға қарай 427 метрдей сызықпен. Одан кейін, Солтүстік Батыстан Теңіз Каналының оңтүстік жағының ұзына бойына, оның Кіші Рейдпен түйісетін жеріне дейін (59°58' солтүстік 029°48'шығыс). Сонан кейін, Оңтүстік Шығыстан Теңіз Каналының солтүстік жағының ұзына бойына Солтүстік Дамбаның іргесіне қарай. Одан әрі Солтүстік-солтүстік шығыс нева қалқыма белгісіне дейін 2 теңіз милясына (59°56'солтүстік 030°07'шығыс). Сонан кейін, оңтүстігінде Василевск аралына дейін. Теңіз қалқыма белгілері, фарватерлер және каналдар: мұхит кемелерді теңіз каналы арқылы өтуге мәжбүр етеді. Нева өзені атырауы арқылы өтетін табиғи 4 канал бар. Солтүстігінде кішкене кемелер өзен қайраңын кесіп өте алатын канал. Каналдардың тереңдігі 2 және 6 метр аралығында, олар Нева Кірмесінен тура Неваның өзіне апарады, және бірнеше тармақ дабылдық мұнараларымен, маяктармен және қалқыма белгілермен белгіленген.
Лоцман: Міндетті. Лоцмандар әдетте кемені дабылдық мұнара арқылы Санкт-Петербург портының «Кіру» аузына әкеледі (60°02'солтүстік 029°26'шығыс) және жағаға түсіреді. Ауа-райының қолайсыз кезінде кеме лоцман қайығының артынан Кронштадқа қарай жүзеді және лоцман қойған жерге тоқтайды. Жағалау стансасы родарларының ұсынымдары пайдалануға боларлықтай. Зәкір тұрағы: теңіз жағынан портқа келетін кеме «Кіру» (60°02'солтүстік 029°26'шығыс) дабылдық мұнара зәкірін тастау қажет. Тереңдігі сол орында 20-25 метр аралығында құбылып тұрады, түбі лас және құмдақты.
Құйылу-қайту деңгейі және ағысы: ең жоғарғы қайту деңгейі 3.5м (солтүстік-шығыс күзгі жел уақтысында).
Айлақтар: 1000.
Ауа-райы мен көп болатын желі: солтүстік-батыс.
Диаграммалар: BA 2395, 2264; Sov 451. Лоцман адмиралтейства NP20
Тасымалдау сұлбалары: VTS SUDS (көлікті реттеу жүйесі) бақыланады
SUDS құрамына жатады:
Двинск көшесінің 18 үйіндегі (тел: +7.812.114.9495, факс: +7.812.186.0669) көлікті бақылау бекеті. Нева кірмесінің оңтүстік жағалауында 1,4 теңіз милясы ара қашықтығында Петр сарайынан шығысқа қарай орналасқан көліктік реттеуіш радарларының жағалаулық автоматты жүйесі (BARS UDS) тел: +7.812.427.9804.
«Кіру» (60°02’Солтүстік 029°26’шығыс) дабылдық мұнарасында орналасқан «Санкт-Петрбург» лоцманының кораблі.
Шектеулер: Ішкі рейдтер мен Санкт-петербург Теңіз каналында ең жоғарғы жылдамдық 6 км. Буксир кемесі: қол жетерлік. Теңіз түбіне дейінгі 8,5 м және одан да көп ара қашықтықтағы ұзындығы 170 м дейінгі кеме Санкт-Петербургтың Теңіз Каналындағы Орман Молынан Нева кірмесіне қарай буксирленуі тиіс.

АЙЛАҚТАР МЕН ЖҮКТЕР

Аты: порт 4 жүк облысына бөлінген. Тұрақтың жалпы ұзындығы 8,4 км (7,2 км жүктерді тасымалдау жөніндегі операцияларға пайдаланылады және 1,2 км техникалық мақсатқа немесе қолданылмайтын кемелерге арналған айлақ ретінде). Порт 270 гектар ауданды алып жатыр.
Үлкен көлемге арналған негізгі айлақтар: көтеру қиын жүктер әдетте порттың үшінші ауданында түсіріледі. Егер қажет болған жағдайда, біріншісінің – 300 тонна, екіншісінің – 90, қалғаныныңкі – 15 тонна қуаттағы бірнеше жүзгіш крандар пайдаланылуы мүмкін. Көтеру қиын жүктерді тиеу 1 және 2 аудандарда да жүргізілуі мүмкін. Ағашты тиеу «Ағаш материалдарымен стивидорлық жұмыстар жүргізу Компаниясының» көмегімен үшінші ауданда өтеді.
Металдар: Металдар – порттағы ең маңызды жүктердің бірі, оны тиеу 1, 2 және 3 аудандарда жүргізіледі. Үшінші ауданда «Нева Металл Транс» компаниясы қара металдарды тиеуді орындайды. Компанияның негізгі мақсаты – кемелерден түсіру процесін тездету және қара металдарды жинау. Компанияның ауданы 17000 м2 жеке меншік жабық қоймасы бар.
Ағаш материалдары бар жүктер: Целлюлоздарды және қағаздарды сақтау және тиеу бірінші және екінші жүк аудандарында өтеді. Ағашты тиеу «Ағаш материалдарымен стивидорлық жұмыс жүргізу Компаниясының» үшінші ауданында жүргізіледі.
Құрғақ жүк: астық арнайы құрал-жабдықпен тек вагондарға ғана түсіріледі. Мұхит кемелері зәкір тұрағына тоқтауы мүмкін, мұнда астық бірден арнайы шапшаң қимылдайтын құрал-жабдықтармен өзен кемелеріне артылады. Қант бірінші немесе екінші жүк аудандарына түсіріліп, бірден вагондарға тиеледі.
Тыңайтқыштар үлкен көлемді контейнерлерден немесе т/ж вагондарынан бірінші және екінші аудандарға түсіріледі. Көмірқышқыл калийі вагондардан немесе өзен кемелерінен тікелей түсіріледі. Көмірді тиеуге арналған арнайы терминал бар. Ол 4 жүк ауданының аумағында орналасады және екі айлақпен жабдықталған. Үлкен ашық аудан әртүрлі көмірлерді бір-бірінен бөлек сақтауға мүмкіндік береді. Көмірді тиеу үшін транспортер пайдаланылады. Сыйымдылығы – 7000 тонна.
Контейнерлерге арналған айлақтар: контейнерлермен операциялар барлық порттық аудандарда жүргізілуі мүмкін, бірақ ең тиімдісі – мамандандырылған контейнерлік терминалы бар 3 аудан. Күніне 300 контейнерлерге есептелінген контейнерлік терминалдың сыйымдылығы 20000 контейнер.
Танкерлерге арналған айлақтар: сұйықтықтармен: мұнайдың сұйық өнімдері 2-3 және 3-4 аудандары арасындағы бассейнде ішкі зәкірлік тұрақтарда (тура немесе шаланда арқылы) өзен танкерлерінен/танкерлеріне тасымалдануы мүмкін.
Сақтау: Механикаландырылған тауар қоймалары, салқын қоймалар (тоңазытқыш) және ашық бетонды сарайлар сақтау орындары болып табылады. Жабық қоймалар ауданы 105000 м2 мен 940000 м2 – ашық құрайды.
Жүк: тоңазытылған өнімдер бірінші және екінші ауданға тоқтайды және бірден теміржол вагондарына немесе құрлықтағы көлікке түсіріледі.
Қаптағы немесе орауыштағы жүктер соңғы жүктерден басқасы (трейлерлік кемелерде келетін жүктерді қоспағанда) басқа жүк аудандарында болып табылады. Балласты/былғанышты кетіру: мүмкін. Қауіпсіздік: қауіпсіздік порттық қауіпсіздік қызметтерімін тәулік бойы қамтамасыз етілген.

БАСТЫСЫ

Жөндеу: мүмкін. Кемені докқа қою мүмкіндігі: корабльдерді жөндеу Канонер Сарайында мүмкін, бірақ олар портқа жатпайды. Бункерлер/арсеналдар/су: таза су – қол жетерлік. Отын құю: бункерлер қол жетерлік және баржалармен немесе шаландалармен бірқалыпты жеткізіледі.
Медициналық қызмет көрсету: негізгісі – портта, бірнеше аурухана қалада.
Көлік: порттан 30 км жақын аэропорт. Санкт-Петербургтен халықаралық ұшулар.
Жақын темір жол: Санкт-Петербургте.
Экипаж құрамындағы өзгеріс: мүмкін. Консулдар: Австрия, Болгария, Канада, Куба, Чехия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Үндістан, Иран, Италия, Жапония, Нидерланды, Норвегия, Польша, Швеция және АҚШ.
Жағалаулар: мемлекеттік және коммерциялық шекаралар қол жетерлік.
Қоғамдық мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық Әйелдер күні (8 наурыз), Халықаралық еңбек күні (1 және 2 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Конституция күні (7 қазан), Қазан төңкерісі (7 және 8 қараша). Жұмыс сағаттары: тәулік бойы, 24 сағат. Оқиғалар: 2001 жылдың сәуірінде жүк терминалын қайта құрастыру жоспарланғандықтан, Нева өзені арқылы жаңа көпір салу құрылысы басталды. Құрылыс Фин шығанағының Оңтүстік бөлігінде сервисті жақсарту және жаңарту мақсатында басталды. Ағымдық жобалар - Берт 101 жаңғырту, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құрастырма мен Берт 106/7 көмірқышқыл калийін өңдеу жөніндегі кешеннің құрылысы. 2001 жылдың мамырында сондай-ақ, «Бірінші контейнер» терминалын ұлғайту аяқталды. Сондай-ақ, Балтық Жүк Терминалы жұмыс істей бастағаны хабарланып отыр.

Кеме сарапшылары: қол жетерлік.
Қоқым-соқым: шығаруға дайын.
Дезинфекция: мүмкін.
Ластау: кесімді түрде тыйым салынады.